Жаңа науқан қарсаңында қазақстандық астықтың экспорттық логистикасы мәселесінің өзектілігі қайтадан артып отыр. Біздің экспорттаушылар қазақстандық астыққа жоғары сұраныс кезеңінде оны негізгі әлемдік өткізу нарықтарына тасымалдауда қиыншылықтарға ұшырайтыны белгілі.
Осыған байланысты «Логсофт» ЖШҚ тасымалдау компаниясы эстондық астық жүктерін тасымалдауға бейімделген OU Railtransunion тасымалдау компаниясымен ынтымақтастықта қазақстандық экспорттаушыларға Санкт-Петербург қаласындағы портта «Петербургский портовый терминал» ЖШҚ ауыстырып тиеу қуаттарын ұсынады.
Қызметтер жинағына астық тасымалдағыш вагонлармен қамтамасыз ету, «Петербургский портовый терминал» ЖШҚ айлағына дейін т/ж тарифтеріне төлем жасау және кемеге ауыстырып тиеумен байланысты арту-түсіру жұмыстары және теңіздегі тасымал жатқызылады.
Аталған маршрутты пайдалану Қазақстаннан астықты Солтүстік және Батыс Еуропа мемлекеттеріне, Жерорта теңізі елдеріне, оның ішінде, Италия мен Солтүстік Африкаға тасымалдау барысында тиімді.
Терминалдың қуаты айына 45 000 тоннаға дейін ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Мұнда астық өнімдері мен шротты ауыстырып тиеудің ең заманауи әдістері қолданылады. Жүкті түсіру және арту жүктің толық сақталуын қамтамасыз ететін жоғары жылдамдықты конвейер желілерімен жүргізіледі. Аталған бағыт бойынша тасымалдау дәстүрлі бағыттармен салыстырғанда кешенді логистикалық шығындарды біршама үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жоба «КТЖ-экспресс» АҚ (Қазақстан), «Логсофт» ЖШС (Қазақстан), «Петербурский портовый терминал» ЖШҚ (Ресей) және Railtransunion (Эстония) бірлескен күшімен жүзеге асырылған.
Жобаның Қазақстан аумағындағы коммерциялық операторы «Логсофт» ЖШС болып табылады.
«Петербургский портовый терминал» ЖШҚ Санкт Петербург қаласындағы теңіз портында «Петербургский портовый терминал» ЖШҚ терминалында сеппе жүктерді заманауи конвейер құрылғыларымен қайта тиеуді қамтамасыз етеді, мұнда максималды тереңдігі 7,9 м дейін екі айлақ бар.