Құпия сөзді
қалпына келтіру

Дайын

Қайту

Компания 1500 астық тасымалдағыш және жабық вагондар паркімен әрекет жасайды

Онлайн-сервис

Қазақстаннан астық өнімдерін экспортқа шығару барысындағы басты түйткілдердің бірі логистика болып табылады. Астықтың экспорттық тасымалын ұйымдастыру барысында біздің экспорттаушылар бос вагондар номерлері бар тізімнің болмауымен және арту тәсілі туралы өзекті ақпаратты, арту, түсіру күні, жүк артылған вагондар дислокациясымен байланысты қиыншылықтарға ұшырайды.

ЛОГСОФТ компаниясы бірегей қызмет түрін - нақты уақыт режимінде өз өтініші жағдайын және жүк қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-сервисті ұсынады.

Әр клиент үшін «ЛОГСОФТ» ЖШС компания сайтында жеке кабинет ашылады, мұнда астықты экспорттаушылар өзінің өтініші бойынша номерлері көрсету арқылы тұрақты жаңартылатын және өзекті ақпаратты, бос вагондардың орналасқан орындарын, арту станциясына келу күнін, жүк артылған вагондардың дислокациясын, жүк салмағы мен түсіру станциясына келу күнін көре алады.

Онлайн-сервиске қол жетімділік алу үшін қажетті жағдай небары ЛОГСОФТ компаниясының клиенті болу, яғни жүкті көлікпен экспедициялау келісім-шартын дасасу және кейін www.logsoft.kz веб-сайтында тіркелу керек.

Барлық тіркелген клиенттердің мөлшерлеме бойынша жедел өзара есеп айырысу, «Логсофт» компаниясы әзірлеген онлайн-калькулятормен онлайн режимде жүк тасымалын нақты есептеу мүмкіндігі болады.

Әрбір клиент бойынша барлық ақпарат құпия болып табылады және бөтен адамдардың қарауынан тиімді қорғалады.

Біз өз клиенттерімізге вагондардың тиімді және жедел есебін ұсынамыз. Қосылыңыз!





Яндекс.Метрика