Құпия сөзді
қалпына келтіру

Дайын

Қайту

Компания 1500 астық тасымалдағыш және жабық вагондар паркімен әрекет жасайды

CTM Rail-Атлас

Ағымдағы нұсқа:

Дистрибутивті жүктеу

Ресей, ТМД, Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Иран, Моңғолия және Финляндия жолдарының электронды атласы. Бағдарламаны алғаш орнатқанда 14 күн бойы шектеусіз жұмыс істейді.

Бағасы

Тіркелу айы, тг

Ұзарту айы, тг/ай.


8 198,40 тг

8 198,40 тг

Негізгі қызметтері

«Rail-Атлас» бағдарламасы темір жол көлігімен тасымалдау маршрутын құрастыруға, станцияны және олар туралы ақпаратты іздеуге, картаға кездейсоқ (пайдаланушы) деректерін енгізуге арналған.

«Rail-Атлас» карталардың баспа түрлерін алмастырады, жұмыс жасауға қолайлы, көру және ақпаратты іздеу режимдері бар. Оны өз бетінше пайдалануға немесе «Rail-Тариф» бағдарламасына көрнекі қосымша ретінде пайдалануға болады, мұнда деректермен алмасу қызметі бар (тасымалдау маршруты және күні, қалыптастыру жоспары). №4 тарифтік нұсқаулығына енгізілетін өзгерістерді жедел көрсету, пайдаланушыға өзекті ақпаратты беруге кепілдік береді.

Бағдарлама мүмкіндіктері

«Rail-Атлас» бағдарламасында келесі нысандарды көруге болады:

  • Темір жолдар желісі (оның ішінде шекаралық өтпелер, порттар, паром өткелдері);
  • Темір жол станциялары (коды, атауы, жүргізілетін операциялар (параграфтар), жолдар, бөлімше, мемлекет, кеден посты коды);
  • Мемлекеттер шекаралары және атаулары;
  • РФ әкімшілік-аумақтық бөлінісі шекаралары және олардың атаулары;
  • Кейбір елді мекендердің бағдарлы орналасуы;
  • мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер.

Бағдарламаның негізгі қызметтері:

  • жүру маршрутын немесе бірнеше маршруттарды қалыптастыру жоспары немесе тасымалдау күнін ескеріп қалыптастыру;
  • жүру маршрутын нақтылау мүмкіндігі;
  • станцияның орналасқан орнын іздеу және анықтамалық ақпаратты алу (коды, атауы, жол, параграфтар, бөлімше, мемлекет);
  • картаға пайдаланушы деректерін қосу және көрсету;
  • тұтас картаны қарау және жеке учаскелер деректемелерін алу;
  • карта бөлігін bmp, jpeg, gif, png графиктік форматтарда басып шығару немесе сақтау мүмкіндігі;
  • маршрут туралы ақпаратты жеке құжат ретінде MS Excel, MS Word, Designer 2005 экспорттау.

2011 жылы арнайы еуропалық тұтынушылар үшін бағдарламаның ағылшын тіліндегі интерфейсі әзірленді.

Неден бастау керек

Сіз «Rail-Атлас» бағдарламасының соңғы нұсқасын өз бетіңізге сайттан жүктеп және орната аласыз.

Бағдарлама орнатылған сәттен бастап 14 күн бойы шектеусіз жұмыс істеп тұратын болады. Танысу кезеңі өткеннен кейін бағдарлама келесі шектеулермен жұмыс жасай бастайды:

  • картада темір жол желісі көрінбейді;
  • маршрут қалыптастыру мүмкіндігі болмайды.

Бағдарламаның барлық мүмкіндіктеріне қол жетімділік алу үшін сынама мерзім аяқталғаннан кейін активация кодын сатып алу керек. Активация коды келісім-шарт жасасу барысында сізге қолайлы формада берілетін болады. Активация кодын енгізгеннен кейін бағдарлама толық функционалда қызмет атқаратын болады (қосымша орнатусыз).

Алдағы уақытта бағдарламаны кез келген өзіңізге қолайлы тәсілмен жаңартуға болады:

  • автоматты орнатылатын «СТМ-Кеңсе» бағдарламасының көмегімен автоматты жаңарту (жарлық құрылады, ол сайтта жаңару бар болған жағдайда жүктеп отырады және бағдарламаны жаңартып, іске қосады);
  • өз бетінше www.ctm.ru сайтынан жаңарту;
  • автоматты түрде e-mail жіберілетін жаңартулар файлдарына жазылу;
  • автоматты жаңартуды «Rail-Атлас» бағдарламасында баптау (қызметті Сервис/Автоматты жаңарту басты мәзірінен қосуға болады).

Минималды жүйелік талаптар:

  • Microsoft Windows Vista операциялық жүйесің бар ДК;
  • Дискіде 200 Мб бос орын;
  • 1 Гб жедел жады;
  • Процессор Pentuim 4 және жоғары (x86 немесе x64) AMD аналогы;
  • шешімі 1024х768 және жоғары дисплей.
Яндекс.Метрика