Құпия сөзді
қалпына келтіру

Дайын

Қайту

Компания 1500 астық тасымалдағыш және жабық вагондар паркімен әрекет жасайды

CTM Rail-Тариф

Ағымдағы нұсқа:

Дистрибутивті жүктеу


Ресей, ТМД мемлекеттері, Латвия, Литва, Эстония және Грузия аумағында жүк тасымалының ақысын есептеуге арналған автоматтандырылған тарифті есептеу жүйесі

Бағасы

Тіркелу айы, тг

Ұзарту айы, тг/ай.


68 320 тг

20 160 тг

Негізгі қызметтер

Темір жол көлігімен жүк тасымалдау құнын есептеу – бұл күрделі және көп еңбекті қажет ететін міндет, оны қолмен жүзеге асыру мүмкін емес.

«Rail-Тариф» бағдарламасы Ресей, ТМД мемлекеттері, Латвия, Литва, Эстония және Грузия аумағында жүк тасымалының ақысын есептеуге арналған қолайлы және дәл құрал болып табылады.

Есептеу үдерісі максималды автоматтандырылған. Қолайлы және заманауи интерфейсі бір терезеде бастапқы деректерді, есептеу нәтижелері мен толық мәліметтерін көруге және реттеуші құжатқа ауысуға мүмкіндік береді. Деректерді сақтау, басып шығару және экспорт қызметтері ұсынылған.

Бүгінгі таңда «Rail-Тариф» өзгерістер енгізу және нұсқаларын шығару жылдамдығы бойынша теңдесі жоқ және ол Интернет арқылы жаңартудың әр аулан нұсқалары болуымен ерекшеленеді.

Еуропалық қолданушылар үшін арнайы бағдарламаның ағылшын тіліндегі интерфейсі әзірленген және жұмыс жасайды.

Бағдарлама мүмкіндіктері

Автоматты анықтау:

  • жөнелту/тағайындау станциясы мен мемлекетіне тәуелді есептеудің тарифтік ережелері;
  • вагон/контейнерлерді қалыптастыру жоспарын ескере отырып, мемлекеттер арасындағы өту орындары;
  • қосымша арттыру/төмендету коэффициенттері, айрықша тарифтер, арнайы кіріктірмелер және кейбір алымдар.

Есептеу мүмкіндіктері:

  • құрама жөнелту,
  • ауқымнан тыс жүктерді ауқымсыздығы дәрежесін анықтау мүмкіндігімен тасымалдау,
  • жүк артылған немесе бос рейстерді бірлесе есептеу,
  • жүкке қосалқы қызмет және күзету алымы,
  • жеткізудің нормативті мерзімі,
  • жүкті қайта шартты бағыттағанда жөнелту маршрутын көрсету, вагондарды шаю және вагондарды жөндеу үшін тіркемеден босату,
  • 2000 ж. бастап күніне.

Сақтау:

  • маршруттар, есептеулер және есептер пікірлері,
  • құрама жөнелтудегі жүк тізімі,
  • есептеу шаблоны.

Қосымша қызметтер:

  • экспедиторлық жеңілдіктерді/пайыздарды және меншік иесі мөлшерлемесін қосу мүмкіндігі
  • тасымалдауды талдау,
  • сол күндегі валюта бағамын белгілеу,
  • жеке анықтама жүргізу,
  • вагон номері бойынша жылжымалы құрам типін анықтау,
  • елді мекен бойынша станцияны іздеу (РФ),
  • және басқалары.

Үйлестіру:

  • жүру маршруты,
  • тарифтік қашықтық.

Қолайлы және заманауи интерфейс:

  • бір терезеде бастапқы деректерді, есептеу нәтижелері мен толық мәліметтерді қарау,
  • есептеу детализациясы: жеткізу мерзімі, минималды салмақ нормасы, есепті салмақ, базалық мөлшерлеме, жеңілдіктер, коэффициенттер, ҚҚС, алымдар.

«СТМ» компаниясының басқа бағдарламаларымен өзара әрекеттестігі:

Неден бастау керек

Сіз «Rail-Тариф» соңғы нұсқасын сайттан жүктеп және орната аласыз.

Бағдарлама орнатылған сәттен бастап 14 күн бойы шектеусіз жұмыс істеп тұратын болады. Танысу кезеңі өткеннен кейін бағдарлама келесі шектеулермен жұмыс жасай бастайды:

- қашықтықтар тарифтері бұрмаланады және қалыптастыру жоспары ескерілмейді;

- тасымалдау ақысын есептеуде коэффициенттер есептелмейді.

Бағдарламаның барлық мүмкіндіктеріне қол жетімділік алу үшін сынама мерзім аяқталғаннан кейін активация кодын сатып алу керек. Активация коды келісім-шарт жасасу барысында сізге қолайлы формада берілетін болады. Активация кодын енгізгеннен кейін бағдарлама толық функционалда қызмет атқаратын болады (қосымша орнатусыз).

Алдағы уақытта бағдарламаны кез келген өзіңізге қолайлы тәсілмен жаңартуға болады:

  • автоматты орнатылатын «СТМ-Офис» бағдарламасының көмегімен автоматты жаңарту (жарлық құрылады, ол сайтта жаңару бар болған жағдайда жүктеп отырады және бағдарламаны жаңартып, іске қосады);
  • өз бетінше www.ctm.ru сайтынан жаңарту;
  • автоматты түрде e-mail жіберілетін жаңартулар файлдарына жазылу;
  • автоматты жаңартуды «Rail-Тариф» бағдарламасында баптау (қызметті Сервис/Автоматты жаңарту басты мәзірінен қосуға болады).
Яндекс.Метрика