content
Компания жөнінде

«ЛОГСОФТ» ЖШС ірі қазақстандық көлік-логистикалық компанияларының бірі болып табылады, және Қазақстан аумағында да, одан тысқары жерлерде де теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсетеді.

Компания 2012 жылы құрылған және бүгінгі таңда қызмет географиясы Орталық Азия елдері, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Грузия және Балтық жағалауы аумақтарын қамтиды.

Бүгінгі таңда бас жүктерді, үйінді жүктерді және құйылмалы жүктерді тасымалдау үшін біздің қолымызда 1000-нан астам жүк вагондары бар, оның ішінде ішкі көлемі 157 текше метр жоғарыдан тиеу люктерімен 500-ге жуық жабық вагондар, 400-ден астам астық хоппер-тасығыштар, 200-ге жуық ашық вагондар, 200-ден астам тағамдық құйылмалы жүктерін тасымалдау цистерналары бар.

Санкт-Петербург теңiз портындағы және Павлодар қаласындағы меншiктi терминалдар, сондай-ақ Поти, Новороссийск және т.б. порттық терминалдармен әрiптестiк қатынастар негізінде автомобиль, темiр жол және теңiз көлiктерiнің қатысуымен мультимодальдық тасымалдарды ұйымдастыруға мүмкiндiгі бар.

Компания үйілмелі дәнді және майлы өнімдерін (шроттар мен күнжара), тыңайтқыштар және көмірді тиеуде мамандандырылған. Бүгінгі таңда компания ЕАЭО мүше елдерінің тасымалдау нарығындағы ресейлік және қазақстандық вагон, кеме және автокөлік иелерімен тығыз ынтымақтаса отырып, жүкті өңдеудің қысқа мерзімі мен жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Неге біз?
advantages
Халықаралық тасымалдар
Орта Азия және Таяу Шығыс елдерінде көлік логистикасын ұйымдастырудың он жылдан астам тәжірибе.
advantages
Қолданыстағы 1 000 астам вагон
Кез келген жүктерді универсалды және мамандандырылған вагонмен тасымалдауды қамтамасыз ету
advantages
Ай сайынғы көлемі 100 000 т. дейін
Универсалды және мамандандырылған вагондармен жүктерді тасымалдаудың ай сайынғы көлемі 100 000 т дейін
advantages
Заманауи технологиялар
Тасымалдауды ұйымдастыру кезінде бағаларды есептеу және өзара іс-қимылды оңтайландыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету.
Біздің парк
park
Астық хоппер-тасығыш
park
Жабық вагон
park
Ашық вагон
park
Цистерна
Наши партнеры
Aitas Agro
Астык Транс
Исткомтранс
Interlog multimodal
Қазтеміртранс
KTZ Express
Русагротранс
РЖД Логистика
Tranco
Нас рекомендуют
Письмо 1
Письмо 2
Письмо 3
Письмо 4
Письмо 5