Бүгінгі таңда Компания қарамағында шанағының көлемі 94-тен 120 текше метрге дейінгі 400-ден астам астық хоппер-тасығыш жұмыс істейді.
Астық тасымалдау кезінде астық хоппер-тасығыштары ең көбі Орталық Азия елдері бағытында қолданады. Қазақстанның солтүстік өңірлерінен жөнелтілуі дәстүрлі түрде Хайратан және Торғунди өткелдері арқылы Ауғанстан бағытында жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, вагондар Санкт-Петербург портындағы терминал, Поти портындағы терминал және Новороссийск порты арқылы астықты тасымалдаудың логистикалық жобалар шеңберіндегі тасымалдарда пайдаланылады..
Паркте шамамен 500 жабық вагондары бар, олар ішкі тасымалдар мен экспортқа жүк тасымалдауға беріледі.
Жабық вагондар жоғарыдан тиеу люктерімен жабдықталған, бұл қапталған бас жүктерді ғана емес, сонымен қатар үйілген жүктерді де тасымалдауға мүмкіндік береді. Вагонның ішкі кеңістігінің көлемі 157 текше метрді құрайды, соның арқасында түрлі жеңіл салмақты тауарларды тасымалдауда ауқымды мүмкіндіктер бар.
Тасымалдау географиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің барлық кеңістігін қамтиды. Жабық вагондарды дәстүрлi пайдаланудың негiзгi бағыты Қазақстаннан Өзбекстан мен Тәжiкстанға тасымалдары.
Сондай-ақ жабық вагондар Грузия және Балттық елдері порттары арқылы тасымалдау үшін логистикалық схемаларда қолданылады. Тасымалдардың едәуір көлемі Балттық және Беларусь елдерінен Қазақстан мен Өзбекстанға жүзеге асырылады.