«ЛОГСОФТ» ЖШС ірі қазақстандық көлік-логистикалық компанияларының бірі болып табылады, және Қазақстан аумағында да, одан тысқары жерлерде де теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсетеді.
Компания 2012 жылы құрылған және бүгінгі таңда қызмет географиясы Орталық Азия елдері, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Грузия және Балтық жағалауы аумақтарын қамтиды.
Бүгінгі таңда бас жүктерді, үйінді жүктерді және құйылмалы жүктерді тасымалдау үшін біздің қолымызда 1000-нан астам жүк вагондары бар, оның ішінде ішкі көлемі 157 текше метр жоғарыдан тиеу люктерімен 500-ге жуық жабық вагондар, 400-ден астам астық хоппер-тасығыштар, 200-ге жуық ашық вагондар, 200-ден астам тағамдық құйылмалы жүктерін тасымалдау цистерналары бар.
Санкт-Петербург теңiз портындағы және Павлодар қаласындағы меншiктi терминалдар, сондай-ақ Поти, Новороссийск және т.б. порттық терминалдармен әрiптестiк қатынастар негізінде автомобиль, темiр жол және теңiз көлiктерiнің қатысуымен мультимодальдық тасымалдарды ұйымдастыруға мүмкiндiгі бар.
Компания үйілмелі дәнді және майлы өнімдерін (шроттар мен күнжара), тыңайтқыштар және көмірді тиеуде мамандандырылған. Бүгінгі таңда компания ЕАЭО мүше елдерінің тасымалдау нарығындағы ресейлік және қазақстандық вагон, кеме және автокөлік иелерімен тығыз ынтымақтаса отырып, жүкті өңдеудің қысқа мерзімі мен жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
- Тасымалданған үйінді жүктердің көлемі жылына 1 000 000 тоннадан астам.
- Транскаспийлық халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) іске қосылған кезінде Құрық – Карс порты стратегиялық бағыты бойынша біздің компания ең алғашқы болып қазақстандық контейнерлік пойызын жөнелтті.
- «Солтүстік-Оңтүстік» жаңа көлік дәлізі жұмысының басталуы кезінде, бірінші болып Болашақ – Этрек бағыты бойынша жүктерді жөнелтті.
- Біз Мууга (Эстония) портынан Өзбекстанның қант зауыттарына шикі қанттың 350 000 тоннадан астам көлемінің тасымалын жүзеге асырдық.
- Түркия порттарына бағытталған астық жүктерін тасымалдау барысында, Поти (Грузия) портына дейін 300 000 тоннадан астам көлемін жеткізуді және одан әрі теңіз кемелеріне ауыстырып тиеуді ұйымдастырды.
Компания жүк тасымалдау қызметiмен қатар көрсетiлетiн қызметтердi автоматтандыруды дамытуға едәуiр назар аударады. Қызмет көрсету құнын онлайн режимде алу үшін біздің сайт веб-калькулятор заманауи өнімін ұсынады.
Клиенттер әлемнің кез келген жерінен 24/7 онлайн режимінде бағаны ғана емес, сонымен қатар сайттағы жеке кабинеті арқылы жаңа тапсырыстар бере алады, нұсқаулықтар, хаттамалар және вагондардың орналасуы туралы есептер ала алады.
Сайттағы жеке кабинеттің арқасында клиенттерде тапсырыстан бастап қаржылық есептерге дейін, оның ішінде сканерленген құжаттарға, жүкті тасымалдау жөніндегі кез келген ақпаратқа тұрақты онлайн түрде қол жеткізу мүмкіндігі бар.